Реклама
Реклама

Өзбекстанмен төрт айқас. Саңлақтардың жарысын қайдан көруге болады?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:01

Бангкокта өтіп жатқан World Boxing Futures Cup турнирінде Қазақстанның сегіз боксшысы финалда алтын үшін жұдырықтасады. 

astanatv.kz

15 наурыз күні Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup турнирінде Қазақстанның U19 құрамасы сегіз финалдық жекпе-жек өткізеді.

Финалдық кездесулерде қазақстандық боксшылар бірнеше елдің спортшыларымен, оның ішінде төртеуінде Өзбекстан өкілдерімен кездеседі.

Финалға Қазақстаннан алты ер боксшы және екі қыз боксшы шықты.

Финалдық жекпе-жектер кестесі

Финалдық кездесулер екі сессияда өтеді.

Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 09:00)

80 кг (әйелдер)

  •  Айдана Убайдуллақызы — Асалой Бахтиёрова (Өзбекстан)

60 кг (ерлер)

  •  Досжан Жұмақан — Сива Чайнаронг (Таиланд)

75 кг (ерлер)

  •  Хамза Мақсатұлы — Сухроб Рахматуллаев (Өзбекстан)

90 кг (ерлер)

  •  Жалғас Өтебеков — Асадбек Султанбоев (Өзбекстан)

Кешкі сессия (13:30)

70 кг (әйелдер)

  •  Камила Оспанова — Сара Скоррано (Италия)

70 кг (ерлер)

  •  Бибарыс Әшірбай — Ахмади Арваз (Қырғызстан)

80 кг (ерлер)

  •  Тимур Тайбеков — Давит Мхецадзе (Грузия)

90+ кг (ерлер)

  •  Владислав Саможонов — Ислам Салихов (Өзбекстан)

Айта кетейік, Futures Cup турниріне Қазақстаннан бастапқыда 19 боксшы қатысты.

Реклама
Реклама