"Төбелесуге дайынмын!" Шешенстандық файтер Еркебұлан Тоқтарға ең ірі жекпе-жекті ұсынды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:43

Ресейлік ММА жауынгері Шовхал Чурчаев Еркебұлан Тоқтарға ашық түрде жекпе-жекке шақыру тастады.

vesti.kz

Тоқтарға үндеу жасады

Шешенстан тумасы өзінің Instagram парақшасында Еркебұлан Тоқтарға арнайы видеоүндеу жолдап, олардың айқасы ТМД кеңістігіндегі ең ауқымды жекпе-жектердің біріне айналуы мүмкін екенін айтты.

“Еркебұлан, ассаламу алейкум. Соңғы жекпе-жегіңді көрдім, жеңіліп қалыпсың. Қазір Мальдив аралдарында демалып жүрсің бе? Шынымды айтсам, сені түсінбедім. Қысқа әрі нақты айтайын: мен — Шовхал Чурчаевпын.
Сенің алаңыңда да сенімен төбелесуге дайынмын. Кәне, осыны іске асырайық — ТМД-дағы ең ауқымды жекпе-жекті өткізейік. Ол үшін бізде Арман бар. Өзің де білесің, мен байланыстамын. Кез келген уақытта дайынмын. Ал сен дайынсың ба, жоқ па? Мәселе сонда. Мен сенімдімін — көрермен түгел біз жақта болады. Кеттік, достар!” — деді ресейлік спортшы.

Чурчаев кім және ол немен танымал?

Шовхал Чурчаев кең аудиторияға классикалық кәсіби мансабынан бұрын поп-ММА жобалары арқылы танылды. Ол “Наше Дело”, Hardcore MMA және Hype Fighting секілді танымал ұйымдарда өнер көрсетті.

Оның соңғы жекпе-жегі 2025 жылдың 20 маусымында АҚШ-та өткен LFA 211 турнирінде өтті. Сол кездесуде Чурчаев америкалық Джейкоби Джонсқа төрешілердің бірауызды шешімімен жол берді.

Реклама
Реклама