Еркебұлан Тоқтар Марсельдің провокациясынан кейін Мұхит Амантаевқа үндеу жасады
ММА файтері Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулының мәлімдемесіне жауап беріп, жаттықтырушы Мұхит Амантаевқа ашық түрде үндеу жасады.
Тоқтар: “Мен — “Мотиватор” емеспін, мен — Еркебұланмын”
Жекпе-жектен кейін әлеуметтік желіде видео жариялаған Тоқтар қарсыласының сөздеріне қатты реакция білдірді:
“Сен “Мотиваторды” жеңгеннен кейін “қазақстандықтардың 80 пайызы мені қолдайды” деген сөздерің бұл жерде өтпейді. Мен “Мотиватор” емеспін — мен Еркебұланмын. Көзілдірік тағып алып, өзіңді жұлдыз сезініп кеткен сияқтысың.
Мұхит-ағай, маған реваншқа мүмкіндік беріңіздер. Мен шығып, оны жеңемін. Демалысым аяқталды, ертең Қазақстанға ораламын. Мен ашпын”, — деді ол Instagram парақшасында.
Еркебұлан Тоқтар неге ашулы?
Еске салайық, 27 наурызда Ереванда (Армения) өткен Hype Fighting турнирінде Еркебұлан Тоқтар күтпеген жерден Марсель Нұрланбек уулына есе жіберген еді. Осы жеңістен кейін қырғыз файтері тек реваншқа емес, тіпті трилогия өткізуге дайын екенін мәлімдеген.
Кеше Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде жағдай одан әрі қыза түсті. Мұхит Амантаев пен Марсель Нұрланбек уулы бетпе-бет келіп, дуэль взгляд өткізді. Осы сәтте турнир ұйымдастырушылары олардың жекпе-жегі келесі кардта өтуі мүмкін екенін айтты.