Тайсон Фьюри мансабын жандандырып айқын жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі

Ағылшындық боксшы Тайсон Фьюри кәсіпқой рингке оралғаннан кейінгі алғашқы кездесуін сенімді жеңіспен аяқтады.

Лондондағы толық басымдық

37 жастағы ауыр салмақтағы боксшы Лондондағы “Тоттенхэм Хотспур” стадионындағы бокс кешінің басты айқасында ресейлік Арсланбек Махмудовпен қолғап түйістірді. Кездесу аса ауыр салмақ дәрежесінде өтті.

Жекпе-жек толық 12 раундқа созылды. Айқас барысында Фьюри рингтегі басымдықты өз қолында ұстап, төрешілер шешімімен ірі есепте жеңіске жетті — 119:109, 120:108, 120:108.

Кездесуден кейін Тайсон Фьюри жеңісін ағылшын боксының аңызы, бұрынғы әлем чемпионы Рикки Хаттонның рухына арнағанын мәлімдеді. Еске салсақ, Хаттон 2025 жылдың қыркүйегінде 46 жасында өмірден өтті. 

Усикке қарсы сәтсіздіктер

Бұл жеңіс Тайсон Фьюри үшін ерекше маңызға ие болды. Осылайша ол украиналық Александр Усикке қарсы чемпиондық айқастардағы екі жеңілістен кейін қайта еңсе тіктеді.

Қазір Фьюридің кәсіпқой бокстағы көрсеткіші:

  • 35 жеңіс
  • 24 нокаут
  • 1 тең нәтиже

Арсланбек Махмудовпен өткен кездесу Фьюри үшін спортқа қайта оралғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жек болды. Ол 2025 жылдың қаңтарында мансабын аяқтайтынын жариялаған еді. Бұл оның бокстан кету туралы бесінші мәлімдемесі болатын.

Жекпе-жектен кейін бұрынғы әлем чемпионы 16 айлық үзілістің өзі үшін оңай болмағанын айтты.