UFC 327 басты жекпе-жегінде жылдам нокаут тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі

Майамидегі Kaseya Center аренасындағы UFC 327 турнирінің басты айқасы жанкүйерлер үшін күтпеген сценариймен аяқталды. Жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпиондық белбеуі үшін болған жекпе-жекте чех файтері Иржи Прохазка мен жаңа зеландиялық Карлос Ульберг октагонға шықты.

Бірінші раундтағы нокаут

Кештің басты оқиғасында вакантты UFC чемпионы атағы сарапқа салынды. Бес раундқа жоспарланған титулдық айқас ұзаққа созылған жоқ. Карлос Ульберг бірінші раундтың өзінде қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа түсіріп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша жаңа зеландиялық файтер мансабындағы 15-ші жеңісіне жетті. Ал Иржи Прохазка аралас жекпе-жектегі алтыншы жеңілісіне ұшырады.

Бұл жеңістің арқасында Карлос Ульберг UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы жаңа чемпионы атанды. Оның сенімді және жылдам жеңісі жанкүйерлер мен мамандар арасында қызу талқыланып жатыр.

Бұған дейін белбеу кімнің қолында еді?

Еске салсақ, аталған дивизионның алдыңғы чемпионы бразилиялық Алекс Перейра болған. Бірақ ол ауыр салмаққа ауысып, франциялық Сирил Ганға қарсы UFC-дің уақытша чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізуге шешім қабылдаған еді. Сол себепті жартылай ауыр салмақтағы негізгі титул бос қалған.