Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ұлттық құрама шабуылшысына Германияда ота жасалды

Жуырда футболшы жаттығу кезінде тізесінен жарақат алып қалған еді. 

Ұлттық құрама шабуылшысына Германияда ота жасалды
kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және көкшетаулық "Оқжетпес" клубының шабуылшысы Оралхан Өміртаевтың тізесіне жасалған операция сәтті өтті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Жарақатты жаттығу кезінде алды

Өміртаев жарақатты команданың жаттығуларының бірінде алды. Кейін медициналық тексеру нәтижесінде футболшының тізе буынындағы алдыңғы айқас байламы үзілгені анықталды. Осыдан кейін шабуылшы ем қабылдап, операция жасату үшін Германияға аттанды.

Клуб мәліметінше, хирургиялық ота сәтті өтіп, қазіргі уақытта футболшының жағдайы тұрақты.

Енді Оралхан Өміртаевты ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр. Әзірге футболшының алаңға нақты қашан оралатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

"Оқжетпес" ҚПЛ-де төртінші орында

Қазіргі уақытта "Оқжетпес" Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.

Көкшетаулық клуб 26 матчтан кейін 45 ұпай жинады.

Келесі кездесуде "Оқжетпес" 11 қазанда сырт алаңда "Ұлытаумен" ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?