Месси қоштасу матчында гол соғып, Аргентинаға ірі жеңіс әкелді
Лионель Месси ұлттық команда сапындағы соңғы кездесуін өткізіп, халықаралық мансабын жеңіспен аяқтады.
Буэнос-Айрестегі "Монументаль Антонио Веспуччи Либерти" стадионында өткен жолдастық матчта аргентиналықтар Бенинді 3:0 есебімен жеңді. Кездесудегі барлық гол екінші таймда тіркелді. 48-минутта Николас Отаменди есеп ашып, оған нәтижелі пас берген Месси болды.
61-минутта Николас Пас Аргентина құрамасының басымдығын еселеді. Ал 71-минутта аргентиналық капитан өзі мергендік танытты. Ол пенальтиді сәтті орындап, ойынның қорытынды есебін белгіледі.
Аргентина құрамасындағы рекордсмен
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы дебютін 2005 жылдың тамызында Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде өткізген. 39 жастағы футболшы ұлттық команда сапында 208 матчқа қатысып, 126 гол соқты және 70 нәтижелі пас берді.
Месси Аргентинамен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Сонымен қатар 2021 және 2024 жылдары Америка кубогын жеңіп алды. Осылайша Месси құрама тарихындағы ең көп матч өткізген және ең көп гол соққан футболшы болып қала береді.