Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мессидің қоштасу матчын қайдан көруге болады?

Аргентиналық футболшы ұлттық құрама сапындағы өнерін осы матчтан кейін аяқтайды. 

Мессидің қоштасу матчын қайдан көруге болады?
news.sportbox.ru

Буэнос-Айресте 7 қазаннан 8 қазанға қараған түні Аргентина құрамасы Бенинмен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойын Лионель Мессидің ұлттық құрама сапындағы қоштасу матчы болады. Кездесу Қазақстан уақытымен 04:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы онлайн көрсетіледі.

Айта кетейік, Қазан айының басында Аргентина құрамасы екі жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де ірі есеппен жеңіске жетті:

  • Боливия – 4:0;
  • Буркина-Фасо – 7:0.

Ал Бенин Африка ұлттар кубогының іріктеу кезеңінде екі матч өткізді. Алдымен Буркина-Фасомен 1:1 есебімен тең түссе, кейін Мавританияны 2:1 есебімен жеңді.

Мессидің Аргентина құрамасындағы көрсеткіші

39 жастағы Лионель Месси Аргентина құрамасында 2005 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Ол ұлттық құрама сапында:

  • 207 матч өткізді;
  • 125 гол соқты;
  • 68 нәтижелі пас берді.

Месси Аргентинамен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатын, 2008 жылғы Олимпиаданы, 2022 жылғы CONMEBOL–UEFA Чемпиондар кубогын, сондай-ақ 2021 және 2024 жылдардағы Америка кубогын жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?