Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Хабиб Усман Нурмагомедовті қамаудан босату жөнінде келісімге келген

UFC-дің жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов БАӘ билігімен келіссөз жүргізіп, туысы Усман Нурмагомедов пен Абу-Дабидегі төбелеске қатысқан өзге адамдарды қамаудан босатуға көмектескен.

Хабиб Усман Нурмагомедовті қамаудан босату жөнінде келісімге келген
ria.ru

Хабиб БАӘ-ге арнайы барған

"Mash на спорте" телеграм-арнасының жазуынша, PFL чемпионы Усман Нурмагомедовтің айналасындағы адамдар бастапқыда мәселені өздері шешуге тырысқан. Алайда кейін Хабибтің көмегіне жүгінген.

Хабарламада Хабибтің алдымен UFC басшысы Дана Уайтпен және америкалық серіктестерімен байланысқаны айтылады. Бұдан соң жергілікті билік өкілдерімен тікелей сөйлесу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне барған.

Ұсталғандарды кезең-кезеңімен босатуға келіскен

Ұзақ келіссөзден кейін тараптар ұсталғандарды бірнеше кезеңмен босату туралы уағдаласқан. Алғашқы топ бір күн бұрын, ал Усман кірген екінші топ хабарлама жарияланған күні бостандыққа шыққан.

Сонымен қатар телеграм-арна Хабибтің төбелеске қатысушылар бұл оқиғаны сұхбаттарда немесе әлеуметтік желілерде жария талқыламайтынына уәде бергенін жазады.

Абу-Дабидегі жанжал туралы не белгілі?

Бұған дейін БАҚ Усман Нурмагомедовке Мераб Двалишвили қатысқан төбелестен кейін алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын хабарлаған еді. Жанжал RAF турнирі қарсаңында Абу-Дабидегі қонақүйде болған.

Кейін Двалишвили RAF Abu Dhabi жарысында Марлон Мораесті жеңгеннен соң, БАӘ билігінен ұсталғандарды босатуды көпшілік алдында сұраған.

Бұл туралы не ойлайсыз?