Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

28 "алтын", 82 медаль: Әлем чемпионатынан кейін екі армрестлерге пәтер берілді

Ұлттық құрама жарыста 82 медаль иеленді. Оның ішінде 28 алтын, 27 күміс және 27 қола жүлде бар.

28 "алтын", 82 медаль: Әлем чемпионатынан кейін екі армрестлерге пәтер берілді
sportnews.kz

Қазақстан құрамасы Нью-Делиде өткен 2026 жылғы армрестлингтен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Ұлттық құрама жарыста 82 медаль иеленді. Оның ішінде 28 алтын, 27 күміс және 27 қола жүлде бар.

Қазақстан 766 ұпай жинады

Дүниежүзілік армрестлинг федерациясының (WAF) ресми кестесіне сәйкес, Қазақстан құрамасы 766 ұпай жинады.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орын Ресейге бұйырды. Ресей спортшылары 58 алтын, 53 күміс және 41 қола медаль жеңіп алды.

Үздік үштікті 687 ұпай жинаған Түркия құрамасы түйіндеді.

Әлем чемпионаты Нью-Делиде 26 қазан мен 7 қараша аралығында өтті. Бұл армрестлингтен 47-ші әлем чемпионаты болды. Онымен қатар 28-ші параармрестлинг әлем чемпионаты да ұйымдастырылды. Қазақстанның 82 медалі тек армрестлинг бойынша жалпыкомандалық есепке қатысты.

Түркістан облысының спортшылары 32 медаль алды

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, өңір спортшылары әлем чемпионатында 32 медаль иеленген.

Олардың еншісінде:

  • 17 алтын;
  • 6 күміс;
  • 9 қола медаль бар.

Жүлдегерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрдәулет Айдархан мен 55 келіге дейінгі санатта сынға түскен Ердәулет Нұрмахан бар.

Әкімдік мәліметіне сәйкес, Нұрдәулет Айдархан 13 дүркін әлем чемпионы атанса, Ердәулет Нұрмахан әлем біріншілігіндегі алтыншы титулын жеңіп алған.

Екі спортшыға пәтер берілді

Нұрдәулет Айдархан мен Ердәулет Нұрмахан Шардара ауданындағы "Шардара Армспорт" клубының тәрбиеленушілері. Клуб 2001 жылы Арман Қарсыбаевтың бастамасымен құрылған. Осы уақыт ішінде орталықтан бірнеше әлем чемпионы шыққан.

Әлем чемпионатынан кейін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жарыс жүлдегерлерімен кездесті. Алтын медаль иегерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар екі спортшыға пәтер кілті берілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?