Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мұхаммеджан Сейсен өзіне жаңа клуб тапты

Қақпашы "Астанаға" 2024 жылы ауысып, елордалық команда сапында осы уақытқа дейін 44 матч өткізді.

Мұхаммеджан Сейсен өзіне жаңа клуб тапты
sportnews.kz

"Астана" қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен мансабын Түркістанның "Тұран" клубында жалғастырады.

KazFootball.kz мәліметінше, 27 жастағы қазақстандық голкипер жаңа маусым қарсаңында ҚПЛ-ге қайта оралған "Тұран" сапына қосылады.

"Астана" сапында 44 матч өткізді

Мұхаммеджан Сейсен бұған дейін "Ордабасы" мен "Тараз" клубтарының намысын қорғаған.

Қақпашы "Астанаға" 2024 жылы ауысып, елордалық команда сапында осы уақытқа дейін 44 матч өткізді. Ол бұл кездесулерде 52 гол жіберіп, 15 ойында қақпасын голдан аман сақтады.

Сейсеннің ұлттық құрама деңгейінде де тәжірибесі бар. Ол Қазақстан құрамасы сапында жеті матчқа қатысқан.

"Тұран" ҚПЛ-ге оралды

Түркістандық "Тұран" Бірінші лиганың өткен маусымын үшінші орында аяқтады. Осының арқасында команда келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?