Олимпиада чемпионы енді UFC октагонында айқасады
Жарнама
Жарнама
Америкалық балуанның дебюті шілде айына жоспарланған.
Еркін күрестен Олимпиада чемпионы Гейбл Стивсон UFC ұйымымен ресми келісімшартқа қол қойды.
25 жастағы америкалық спортшы UFC-дегі дебютін 11 шілде күні UFC 329 турнирінде өткізеді. Десе де, қарсыластың кім болатыны әзірге белгісіз.
MMA-дегі көрсеткіші
Гейбл Стивсон осыған дейін аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп үлгерді.
- 3 жекпе-жек
- 3 жеңіс
- Барлығы — бірінші раундтағы нокаут
Бұл статистика оның нокауттық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.
Айта кетейік, Стивсон спорт әлеміне еркін күрестегі жетістіктерімен танымал. Токио-2020-да Олимпиада чемпионы атанды.
Жарнама
Жарнама