Жеңілмеген қырғыз файтері титулын үшінші рет қорғады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:20

Қырғызстандық ММА шебері Ражабали Шайдуллаев Жапониядағы беделді Rizin Fighting Federation турнирінде чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

instagram/@rajabali__shaidullaev

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды

Фукуока қаласында өткен кештің басты айқасында 25 жастағы файтер жартылай жеңіл салмақта (66 кг дейін) жапониялық Юта Кубомен кездесті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Шайдуллаев қарсыласын партерге түсіріп, толық басымдық орнатты. Оның жердегі соққылар сериясынан кейін төреші техникалық нокаут тіркеді.

Осы жеңістің арқасында Ражабали Шайдуллаев Rizin чемпионы атағын үшінші рет қорғап, кәсіпқой ММА-дегі көрсеткішін 19-0 деңгейіне жеткізді. Яғни, қырғыз файтері әлі күнге дейін жеңіліссіз өнер көрсетіп келеді.

Юта Кубо тағы да жеңілді

Юта Кубо бұл кездесуде мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Айта кетейік, ол 2024 жылы да Шайдуллаевтан жеңілген. Сол кезде жекпе-жек екінші раундтағы нокаутпен аяқталған.

Фукуокадағы турнирдің алдын ала кардында қазақстандық Нұрхан Жұмағазы да өнер көрсетті. Жеңіл салмақта өткен кездесуде ол жапониялық Тэнью Ёсимураны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жанкүйерлерді қуантты.

Реклама
Реклама