Астанада Азия чемпиондарын қошеметпен қарсы алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
12.04.2026, 18:56

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. 

sport.orda.kz

Қазақстан құрамасының боксшылары Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионаты-2026 турниріндегі жарқын жеңістен кейін елге оралды. Спортшыларды әуежайда жанкүйерлер мен жақындары ерекше ықыласпен қарсы алды.

Елорда әуежайында өткен қарсы алу рәсімі ерекше атмосферада өтті. Оған жанкүйерлер мен туыстар жиналды. 

Қазақстан — құрлық көшбасшысы

Азия чемпионаты-2026 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Жалпы нәтиже:

  • 6 алтын
  • 2 күміс
  • 5 қола

Қазақстан құрамасынан Азия чемпионы атанған боксшылар:

  • Оразбек Асылқұлов (60 кг)
  • Сабыржан Аққалықов (75 кг)
  • Нұрбек Оралбай (85 кг)
  • Айбек Оралбай (+90 кг)
  • Надежда Рябец (70 кг)
  • Дина Исламбекова (+80 кг)

Күміс медаль иегерлері:

  • Төрехан Сабырхан (70 кг)
  • Бақыт Сейдіш (70 кг)

Қола медаль иегерлері:

  • Махмұд Сабырхан (55 кг)
  • Ертуған Зейнуллинов (65 кг)
  • Сағындық Тоғамбай (90 кг)
  • Әйгерім Сәттібаева (48 кг)
  • Валентина Хальзова (75 кг)
Реклама
Реклама