Қазақстандық боксшылар Хельсинкидегі турнирде үш жүлде иеленді

Сарапшы, спорт журналисі
12.04.2026, 21:31

Финляндия астанасындағы беделді GeeBee халықаралық турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы үш бірдей жүлдені қанжығаға байлады. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Ел қоржынына түскен жүлделер

Боксшы қыздар жарыс қорытындысы бойынша бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жайна Шекербекова өз салмағында топ жарып, турнир чемпионы атанды.

51 келіде жұдырықтасқан Әнита Әдішева финалға дейін жетіп, жарысты күміс медальмен аяқтады.

Ал 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жасмин Қизатова турнирдің қола жүлдегері атанды.

GeeBee турниріне қай елдер қатысты?

Хельсинкидегі халықаралық додаға Қазақстаннан бөлек, әлемнің бірнеше елінен спортшылар қатысты. Олардың қатарында Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Италия, Нидерланд, Норвегия, Шотландия, Швеция, Швейцария, АҚШ және Уэльс бар.

Реклама
Реклама