Қазақстан Азия чемпионатында тек 9-орыннан көрінді

Сарапшы, спорт журналисі
13.04.2026, 07:45

Бішкектегі құрлық біріншілігінде отандастарымыз жеті медаль жеңіп алды. 

olympic.kz

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрестен өткен Азия чемпионаты-2026 турнирінде Қазақстан құрамасы медальдік есепте 9-орынға тұрақтады.

Қазақстанның нәтижесі: 7 медаль

Құрлық додасында қазақстандық балуандар жалпы 7 медаль жеңіп алды:

  • 1 алтын
  • 6 қола

Жалғыз алтын жүлдені грек-рим күресінен Алматбек Аманбек (72 кг) еншіледі.

Үздік үштік

Азия чемпионатының көшбасшылары:

  • Иран — 18 медаль (6 алтын, 6 күміс, 6 қола)
  • Жапония — 15 медаль (6-5-4)
  • Қытай — 14 медаль (5-1-8)

Ал үздік ондықта Қазақстаннан жоғары тұрған құрамалар:

  • Қырғызстан — 12 медаль (5-1-6)
  • Үндістан — 17 медаль (2-6-9)
  • Өзбекстан — 11 медаль (2-2-7)
  • Моңғолия — 8 медаль (1-3-4)
  • Солтүстік Корея — 4 медаль (1-3-0)

Айта кетейік, Азия чемпионаты биыл Бішкек қаласында ұйымдастырылды. Байрақты бәсеке еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресі бойынша өтті. 
 

Реклама
Реклама