Нұрхан Жұмағазы Жапонияда жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
13.04.2026, 08:51

Қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жапон спортшысынан басым түсті. 

sportilinet.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрхан Жұмағазы Жапонияда өткен Rizin Landmark 13 турнирінде жеңіске жетті.

Жапониядағы жекпе-жек

Фукуока қаласында өткен турнирде Нұрхан Жұмағазы жергілікті спортшы Тенья Ёсимураға қарсы октагонға шықты. Жеңіл салмақ дәрежесінде өткен айқас толық үш раундқа созылып, төрешілердің шешімімен жеңімпаз Нұрхан Жұмағазы атанды. 

Осылайша, отандасымыз өз манбасындағы кезекті жеңісіне қолжеткізді. 

  • 11-ші жеңіс (ММА мансабында)
  • 1 жеңіліс

Rizin-дегі екінші жекпе-жек

Айта кетейік, бұл Нұрхан Жұмағазының Rizin промоушеніндегі екінші айқасы болды.

Реклама
Реклама