Шавкат Рахмоновтың жарақаты: жұбайы шындықты айтты
Қазақстандық UFC жұлдызының жарақаты Иэн Гэрримен жекпе-жекке қатысы жоқ болып шықты.
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым спортшының жарақаты туралы тың мәліметтерді жария етті. Ол бұл туралы sports.kz хабарлады.
Гүлайымның айтуынша, жуырда Шавкат Рахмоновқа ота жасалған. Жарақат аяқ буынына байланысты болған.
"Ота аяққа, буынға жасалды. Барлығы сәтті өтті, енді тек уақыт керек", – деді ол.
Жарақаттың тарихы
Көпшілік бұл жарақатты Рахмоновтың соңғы қарсыласы Иэн Гэрримен байланыстырып жүрген еді. Алайда, спортшының жұбайы бұл пікірді жоққа шығарды.
"Бұл жарақат негізі 2016 жылдың желтоқсанында болған. 2017 жылдың қаңтарында ота жасалды. Сол кезде жас болғандықтан, тез қалпына келді», – деп түсіндірді Гүлайым.
Оның сөзінше, осы жарақаттан кейін Рахмонов екі рет M-1 ұйымында чемпиондық титулын қорғап, кейін UFC-ке өткен.
Гүлайым ирландиялық файтер Иэн Гэрридің мәлімдемесіне де жауап берді:
"Иэн Гэрридің бұл жарақатқа еш қатысы жоқ", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Гэрри әлеуметтік желілерде Рахмоновқа жарақатты өзі салғанын айтып, мәлімдеме жасаған болатын.
Шавкат Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.
2025 жылы ол жарақатына байланысты мансабын уақытша тоқтатып, 2026 жылдың көктемінде оралуға ниетті болған. Алайда қайтадан жарақат алып, UFC рейтингінен тыс қалды.