Назым Қызайбай, Диас Молжігітов. Қазақстан әлем кубогына баратын боксшылар тізімін жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
16.04.2026, 16:40

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы бокстан әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын толық құрамын жария етті.

khabar.kz

Турнир қашан және қайда өтеді?

Аталған халықаралық жарыс 20–26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында ұйымдастырылады. Дүбірлі додаға 50-ден астам елден шамамен 400-ге жуық боксшы қатысады.

Қазақстан құрамасының құрамы

Ерлер:

  • 50 кг — Даниял Сабит
  • 55 кг — Бағлан Кенжебек
  • 60 кг — Жансері Көшербаев
  • 65 кг — Мұхамедсабыр Базарбайұлы
  • 70 кг — Фарух Тоқтасынов
  • 75 кг — Санжарәлі Бегалиев
  • 80 кг — Диас Молжігітов
  • 85 кг — Сұлтанбек Айбарұлы
  • 90 кг — Дәулет Төлемісов

Әйелдер:

  • 51 кг — Алуа Балқыбекова
  • 54 кг — Назым Қызайбай
  • 60 кг — Виктория Графеева
  • 65 кг — Аида Әбікеева
  • 70 кг — Наталья Богданова
  • 80 кг — Жібек Жарасқызы
  • +80 кг — Валерия Аксенова

Қазақстанның Бразилиядағы нәтижесі қандай?

Айта кетейік, Бразилия бұл турнирді өз тарихында екінші рет қабылдап отыр. Бұған дейін, 2025 жылы дәл осы елде өткен кезеңде қазақстандық боксшылар 3 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.

Мамандардың пікірінше, жарияланған құрам тәжірибелі әрі жас спортшылардың үйлесімінен құралған. Сондықтан алдағы жарыста Қазақстан құрамасынан жүлделі орындар күтіледі.

Реклама
Реклама