Қазақстандық жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлы үшін WBO парақшасын "жаулап алды"

Сарапшы, спорт журналисі
16.04.2026, 19:53

Қазақстандық бокс жанкүйерлері Жәнібек Әлімханұлын қолдау үшін Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) Instagram желісіндегі жазбасына жаппай пікір қалдырып, отандасын ең көп аталған боксшыға айналдырды.

azattyq-ruhy.kz

Қандай сауалнама жариялады?

WBO өзінің ресми Instagram парақшасында жазылушылар арасында сауалнама ұйымдастырған. Онда жанкүйерлерге ұйым чемпиондары арасынан тек бір боксшыны таңдау ұсынылған.

Әлемнің әр түкпіріндегі чемпиондар қатысқан бұл таңдауда қазақстандық жанкүйерлер белсенділік танытып, Жәнібек Әлімханұлының есімін жиі жазған. Соның нәтижесінде қазақстандық спортшы пікір саны бойынша көшбасшылардың біріне айналды.

Пікірлер арасында Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтың нағыз чемпионы деп бағалаған жазбалар көп болған. Кейбір жанкүйерлер оны дивизиондағы ең мықты боксшы деп атап, WBO белбеуінің шынайы иесі екенін алға тартқан.

Сондай-ақ пост астында қазақстандық боксшының GIF-бейнелері де көптеп жарияланған. Бұл жанкүйерлердің әлеуметтік желідегі қолдауының ерекше белсенді болғанын көрсетті.

Жәнібек Әлімханұлы неге назарға ілікті?

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін үш бірдей титул үшін өтуі тиіс жекпе-жек қарсаңында үлкен даудың ортасында қалған еді. Кейін оның допингке қатысты ісі халықаралық бокс қауымдастығында кең талқыланды.

Осы жағдайдан соң қазақстандық боксшының чемпиондық мәртебесі мен болашағына қатысты түрлі пікірлер айтыла бастады. Соған қарамастан отандық жанкүйерлер Әлімханұлына деген қолдауын тоқтатпай, әлеуметтік желіде оның атын алға шығаруға күш салды.

Реклама
Реклама