Жәнібек Әлімханұлы WBO-ға апелляция берді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:05

"Қазақ стилі" допингке қатысты жаза мерзімін қысқартуды немесе толық жоюды талап етіп отыр.

Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияға байланысты ресми түрде Дүниежүзілік бокс ұйымына (WBO) апелляция берді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

Қазақстандық боксшы мен оның командасы ұйым шешіміне келіспейтінін және оны заңды түрде қайта қарауды талап еткенін растады.

"Жәнібек пен оның командасы апелляция берді. Қазір бұл мәселе арнайы комиссияда қаралып жатыр. Соңғы шешімді заңгерлер мен лицензияланған мамандардан құралған алқа шығарады", – деді Оливьери.

Оның айтуынша, апелляция нәтижесінде дисквалификация мерзімі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Я қысқартылып, я толықтай жойылуы да ықтимал. 

Дисквалификация себебі

Жәнібек Әлімханұлы былтыр желтоқсанда жоспарланған WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында допинг-тесттен өте алмай қалды. Оның сынамасынан мельдоний анықталып, боксшы желтоқсан айына дейін жарыстардан шеттетілген болатын. 

Соған қарамастан, ол әлі де WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондық титулын сақтап отыр.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияға дейін екі бірдей чемпиондық титулдың иегері болған:

  • WBO
  • IBF

Алайда IBF ұйымы оны чемпиондық белбеуден айырып, титулды бос деп жариялады.

Реклама
Реклама