Әлем кубогы: 11 боксшымыз жүлде үшін жорығын жалғастыруда
Бүгін, 10:46
Бразилиядағы турнирде бес спортшы жарыс жолынан шығып қалды.
Vesti.kz
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының 11 боксшысы медаль үшін күресті жалғастырып жатыр.
Жарыс басталар алдында Қазақстан атынан 16 боксшы (9 ер, 7 әйел) қатысқан болатын. Алайда алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша бес спортшы турнирмен қоштасты.
Турнирден шығып қалғандар
Медаль үшін таластан келесі боксшылар шығып қалды:
- Жансері Көшербаев (60 кг)
- Дәулет Төлепісов (90 кг)
- Бағлан Кенжебек (55 кг)
- Назым Қызайбай (54 кг)
- Наталья Богданова (70 кг)
Қалған 11 қазақстандық спортшы келесі кезеңдерде ел намысын қорғауды жалғастырады. Олар Әлем кубогында жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік сақтап отыр.
World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңі 26 сәуірге дейін жалғасады. Додаға әлемнің 50 елінен 400-ден астам боксшы қатысуда.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама