Алуа Балқыбекова Бразилиядағы жекпе-жекте үстемдігін көрсетті (ВИДЕО)
Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Турнирді жеңіспен бастады
1/8 финал кезеңінде қазақстандық боксшыға болгариялық Златислава Чуканова қарсы тұрды. Жекпе-жекте Алуа өзінің жоғары техникалық шеберлігі мен қарқынын анық көрсетті.
Алғашқы раундта қарсыласынан басым түсіп, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен айқын басымдыққа ие болды. Кейінгі екі раундта да отандасымыз қарқынын бәсеңдетпей, шабуылын үдете түсті. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіс қазақстандыққа берілді.
Қазақстан боксының үздіктерінің бірі
Алуа Балқыбекова — Қазақстан әйелдер боксының ең мықты әрі ең техникалық шебер спортшыларының бірі. Ол бұған дейін:
- екі дүркін әлем чемпионы атанды;
- екі дүркін Азия чемпионы болды;
World Boxing ұйымдастырған әлем кубогының алғашқы кезеңі 26 сәуірге дейін жалғасады. Бұл жарысқа әлемнің 50 елінен 400-ден астам боксшы қатысып жатыр.