Әлем кубогының жартылай финалы: Алты боксшымыз айқасады
Бүгін, 13:10
Azattyq-ruhy.kz
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалға жолдама алды. 25 сәуір күні олар финалға шығу үшін маңызды жекпе-жектер өткізеді.
Күндізгі сессия (19:00, Астана уақыты)
Күндізгі бағдарламада үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады:
Ринг А:
- 80 кг (әйелдер): Жібек Жарасқызы – Эмилия Котерска (Польша)
- 85 кг (ерлер): Сұлтанбек Айбарұлы – Валерий Вальтер (Германия)
Ринг Б:
- 60 кг (әйелдер): Виктория Графеева – Анета Рыгельска (Польша)
Кешкі сессия (01:00, 26 сәуір)
Түнгі сессияда тағы үш қазақстандық боксшы финал жолдамасын сарапқа салады:
Ринг А:
- 65 кг (әйелдер): Аида Әбікеева – Ошин Дерию (Бельгия)
Ринг Б:
- 51 кг (әйелдер): Алуа Балқыбекова – Синью Ци (Қытай)
- 80 кг (ерлер): Диас Молжігітов – Вандерлей Перейра (Бразилия)
Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтеді. Жарысқа 50 елден 400-ден астам боксшы қатысуда. Қазақстан бұл турнирге 16 спортшымен (9 ер, 7 әйел) барды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама