Алтын үшін айқас: Қазақстандықтар финалда кіммен жұдырықтасады?
Бүгін, 09:23
Ерлер арасында, өкінішке қарай, ақтық сында Сұлтанбек Айбарұлы ғана өнер көрсетеді.
sportarena.kz
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының финалдағы қарсыластары анықталды.
Ерлер арасындағы финал
Ерлер құрамасынан финалға тек бір боксшы шықты:
- 85 кг: Сұлтанбек Айбарұлы – Кауэ Белини (Бразилия)
Қазақстандық спортшы турнирдің шешуші жекпе-жегінде алаң иесімен кездеседі.
Әйелдер арасындағы финал
Әйелдер құрамасынан үш боксшы алтын медаль үшін таласады:
- 60 кг: Виктория Графеева – Ребека Сантос (Бразилия)
- 65 кг: Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
- 80+ кг: Валерия Аксенова – Жофия Сира (Венгрия)
Айта кетейік, Валерия Аксенова турнирдегі жалғыз жекпе-жегін бірден финалда өткізеді.
Әлем кубогының бұл кезеңіне Қазақстан атынан 16 боксшы қатысқан болатын (9 ер, 7 әйел). Соның арасынан төрт спортшы финалға жолдама алып отыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама