Әлем кубогы: Сұлтанбек Айбарұлы Қазақстанға екінші "алтынды" сыйлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:17

Қазақстандық боксшы финалда бразилиялық қарсыласын жеңіп, чемпион атанды.

Offside.kz

Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде ел қоржынына екінші алтын медальді әкелді.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда Айбарұлы алаң иесі, бразилиялық Кауэ Белинимен кездесті. Тартысты өткен айқас төрешілер шешімімен аяқталды.

Қорытындысында қазақстандық боксшы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Сұлтанбек Айбарұлы Қазақстан құрамасына турнирдегі екінші алтын жүлдені сыйлап, өз салмағында чемпион атанды. 

Қазақстан құрамасының нәтижесі

Айта кетейік, Әлем кубогының финалында Қазақстан атынан төрт боксшы өнер көрсетті.

Реклама
Реклама