Әбиба Әбужақынова Астанадағы Grand Slam турниріне қатыспайды

Сарапшы, спорт журналисі
28.04.2026, 21:30

Қазақстандық дзюдо жанкүйерлері үшін маңызды жаңалық белгілі болды.

Olympic.kz

Qazaqstan Barysy Grand Slam Астанада өтеді

8–10 мамыр күндері Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне ұлттық құраманың құрамы жарияланды. Тізімде ел дзюдосының көшбасшыларының бірі Әбиба Әбужақынова жоқ. Сонымен бірге Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те өз еліндегі татамиге шықпайды.

Әлемдік дзюдо күнтізбесіндегі беделді жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Турнирге әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы қатысуға өтініш берген. Қазақстан құрамасы да жарысқа кең құраммен шығады.

Қазақстан құрамасының Grand Slam турниріне қатысатын құрамы

Ерлер

60 келіге дейін:
Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы

66 келіге дейін:
Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев

73 келіге дейін:
Есет Қуанов, Ансарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Әнуар Жұмагелдин

81 келіге дейін:
Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов

90 келіге дейін:
Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев

100 келіге дейін:
Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов

100 келіден жоғары:
Жәнтілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

Әйелдер

48 келіге дейін:
Аяна Дүйсенбай, Диана Бүркеева, Інкәр Құралбай, Тасним Әбдуали

52 келіге дейін:
Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева

57 келіге дейін:
Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет

63 келіге дейін:
Самалай Ерғалиева, Есмігүл Құйылова, Дәмелі Асылханова, Асылжан Орынбасарова

70 келіге дейін:
Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова

78 келіге дейін:
Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева

78 келіден жоғары:
Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш, Назгүл Маратова

Qazaqstan Barysy Grand Slam — дзюдошылар үшін рейтингтік тұрғыдан өте маңызды жарыс. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік және олимпиадалық рейтингке ұпай беріледі.

Бұл ұпайлар спортшылардың 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу мүмкіндігіне әсер етеді.

Қазақстан Grand Slam турнирін төртінші рет қабылдайды

Еске салайық, 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен Grand Slam кезеңін елімізде өткізу туралы төрт жылдық келісімге қол қойған еді.

Сол келісім аясында биыл бұл турнир Қазақстанда төртінші әрі қазіргі келісімшарт бойынша соңғы рет ұйымдастырылады.

Реклама
Реклама