Фаниль Рафиков мансабындағы басты мақсатын айтты
Қазақстандық ММА файтері 30 жеңіске жетуді қалайды.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Фаниль Рафиков (25–8) өзінің мансабындағы басты мақсаттарының бірі – 30 жеңіске жету екенін мәлімдеді.
"Жолды тек жүрген адам ғана бағындырады. Демалып алып, алтын күзде қайта ораламыз. Менің мақсатым – 30 жеңіс", – деді Рафиков.
Соңғы жекпе-жегі
25 сәуір күні Рафиков Fight Nights лигасының Гран-при турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті. Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында өткен айқаста ол жергілікті файтер Андрей Гончаровпен (18–4) кездесті.
Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық спортшының жеңілісімен аяқталды.
Айта кетейік, бұл екі спортшының екінші кездесуі болды. Алғашқы жекпе-жек 2019 жылы ACA 98 турнирінде өткен еді. Ол кезде Гончаров Рафиковты екінші раундта нокаутқа түсірген.
Турнир жүлдесі
Fight Nights Гран-при турнирінің жалпы жүлде қоры – 1 миллион доллар.