Әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов Дубайдағы жеңісінен кейін баспаналы болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:58

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Оразбек Асылқұловқа Дубайда өткен IBA аясындағы әлем чемпионатында жеңіп алған алтын медалі үшін бағалы сыйлық табысталды.

vesti.kz

Сыйлықты Ақмола облысының әкімі табыстады

60 келі салмақта ел намысын қорғаған боксшыға Көкшетаудан екі бөлмелі жаңа пәтердің кілті берілді. Сонымен қатар жеке бапкеріне 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды деп жазады Sport Ministri.

Марапаттау рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, чемпионға пәтер кілтін жеке өзі тапсырды.

Мәліметке сүйенсек, бұл қолдау жергілікті кәсіпкерлер мен әкімдіктің бірлескен бастамасы аясында жүзеге асқан.

“Бұл жерде жергілікті кәсіпкерлер мен әкімдік бірлесіп қолдау көрсетіп отыр. Енді чемпион алаңсыз жаттығып, бұдан да биік белестерді бағындырады деп сенеміз. Қазақстан халқын құттықтаймыз!” – делінген хабарламада.

Оразбек халықаралық аренада жарқырап жүр

Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов бұған дейін де Қазақстан боксының мерейін үстем еткен болатын. Ол 2026 жылғы Азия чемпионатында топ жарып, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен құрлық додасында алтын медаль иеленді.

Дубайдағы әлем чемпионатындағы жеңісі қазақстандық боксшының халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі арттырды. Енді жанкүйерлер одан алдағы ірі жарыстарда да жарқын нәтиже күтеді.

Реклама
Реклама