Елдос Сметов бокстан спаррингке шығып, құлап қалды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
29.04.2026, 22:44

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бұл жолы татамиде емес, бокс рингінде бой көрсетті.

instagram/@yeldos60kg

Рингтегі қызықты сәт

2024 жылғы Париж Олимпиадасының дзюдодан алтын жүлдегері Елдос Сметов бокс жаттығуына қатысып, жанкүйерлерін ерекше видеомен таңғалдырды.

Қазақстан тарихындағы ең титулды дзюдошылардың бірі Instagram парақшасында спарринг сәтінен үзінді жариялады. Видеода Сметов қарсыласымен бокста күш сынасып көреді. Ол жекпе-жекті өте жоғары қарқынмен бастап, белсенді қимылдайды. Бірақ дәл осы асығыс әрекеті оның құлап қалуына себеп болды.

Бір қызығы, Сметовтің қарсыласы оған соққы жасамаған. Дзюдошы қозғалыс барысында тепе-теңдігін жоғалтып, өздігінен құлап түсті.

Елдос Сметов татамиге қашан оралды?

Еске салайық, Елдос Сметов соңғы рет ресми жарыста 2024 жылдың 27 шілдесінде Париж Олимпиадасында татамиге шыққан болатын. Сол турнирде Қазақстан қоржынына тарихи алтын медаль салды.

Олимпиададан кейін спортшы ұзақ уақыт жарыстарға қатыспады. Бұған оның иығындағы ескі жарақатына байланысты жасалған операция себеп болды. Сметов 2025 жылдың маусым айында Римде иығына операция жасатып, қалпына келу кезеңінен өтті.

Дзюдошы толыққанды жаттығуға 2025 жылдың желтоқсанында қайта кіріскен.

Реклама
Реклама