Елдос Сметовтың татамиге қашан оралатыны белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:10

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың спортқа қайта оралу мерзімі туралы пікір білдірді.

Olympic.kz

Құраманың бапкер-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзенің айтуынша, спортшының құрамаға қосылу мерзімі әлі белгісіз.

"Әзірге біз оның қашан формаға келетінін және ұлттық құрамаға қосылатынын білмейміз. Біз оның оралуын асыға күтеміз және онымен қуана-қуана жұмыс істеуге әзірміз. Елдостың биыл татамиге шығу мүмкіндігі бар. Оған ештеңе кедергі болмайды деп үміттенейік”, — деді маман  Sports24.kz сайтына берген сұхбатында 

Чемпионның жолы

Елдос Сметов соңғы рет Париж Олимпиадасында татамиге шығып, алтын медаль жеңіп алған еді. Бұл Қазақстан дзюдосы тарихындағы ең ірі жетістіктердің бірі. Биыл наурыз айында спортшыға операция жасалғаны туралы белгілі болды. Бұл ақпаратты кейін оның жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев растады.

Спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу видеосын бөлісіп “формамызға ақырындап кіріп келе жатырмыз” деген. Сметовтың өзі бұған дейін 2028 жылғы Олимпиадаға қатысу туралы жоспарын айтқан болатын.

Реклама
Реклама