Еркебұлан Тоқтар ММА-дегі мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Спорт шолушысы
Бүгін, 11:46

Файтер қазір жобаларға ұсынысты қаржы көлеміне қарай қабылдайтынын жасырмады.

Vesti.kz

Қазақстандық ММА спортшысы әрі актер Еркебұлан Тоқтар кәсіби мансабын қашан аяқтауы мүмкін екенін айтты. 

Файтер қазір жобаларға ұсынысты қаржы көлеміне қарай қабылдайтынын жасырмады. Ол алдағы он жылда бар күшін салып еңбек етіп, кейін толықтай өз өміріне көңіл бөлгісі келетінін айтты.

“Биыл менде небәрі екі жоба бар. Оның өзі жақсы сыйақы ұсынғандықтан қызықтырды. Қалғандары ондай қаржы төлей алмайды. Әзірге аз ақшаға келісе салатындай ерекше жоба кездеспеді. Егер 40 жасқа дейін жеткілікті қаражат жинасам, кейін демалғым келеді. Өмірді өзім үшін сүргім келеді. Сондықтан тағы он жылдай бар күшімді салып еңбек етемін”, — деді файтер НТК арнасына берген сұхбатында.

Жылдың медиа тұлғасы

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар 2025 жылдың қорытындысы бойынша “Жылдың медиа тұлғасы” атанған еді. Сонымен қатар ол OCTAGON лигасының тарихындағы алғашқы BMF белбеуінің иегері болды.

Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін Арменияда өткен Hype FC 28 турнирінде өткізіп, қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулуге есе жіберген болатын.

Реклама
Реклама