Сабыржан Сағым өзбек боксшысын мерзімінен бұрын жеңді (ВИДЕО)
Қазақстандық жас боксшы Ташкентте 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті.
Қарсыласын үшінші раундта тоқтатты
Сабыржан Сағым мен Фарходжон Баходиров 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Жекпе-жек 1/8 финал аясында өтті.
Кездесу толық аяқталған жоқ. Үшінші раундта өзбекстандық боксшы жарақатына байланысты айқасты жалғастыра алмады. Осылайша төрешілер жеңісті қазақстандық суперауыр салмақ өкіліне берді.
Қазақ боксшысы медальға бір қадам жақындады
Бұл жеңістен кейін Сабыржан Сағым Азия чемпионатының ширек финалына шықты. Енді келесі кездесуде жеңіске жетсе, құрлық біріншілігінің жүлдесіне қол жеткізеді. Ал Фарходжон Баходиров жарысты медальсыз қалды.
Жарнама
Жарнама