Моңғолиядағы турнирде ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды
Жарыс 4-7 маусым аралығында ұйымдастырылады.
Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтетін United World Wrestling рейтингтік турнирінде өнер көрсетеді. Жарыс 4-7 маусым аралығында ұйымдастырылады.
Бұл додаға әлемнің мықты балуандары қатысады. Қазақстан құрамасы турнирде күрестің үш олимпиадалық түрі бойынша бақ сынайды.
Еркін күрестен бақ сынайтын құрам
Қазақстан еркін күресте бірнеше тәжірибелі және жас балуандарды боз кілемге шығарады. Ұлттық команда сапында Азамат Дәулетбеков, Едіге Қасымбек, Абзал Өкенов, Мейрамбек Қартбай, Болат Сақаев және басқа да спортшылар бар.
Грек-рим күресінен кімдер қатысады?
Грек-рим күресінде Қазақстан намысын Досжан Өтепқалиев, Еркебұлан Ардақов, Нұрасыл Аманәлі, Әлішер Ерғали және Олжас Сырлыбай қорғайды.
Әйелдер күресінде Қазақстан құрамасының сапына Жәмила Бақбергенова, Эльмира Сыздықова, Ирина Казюлина, Зейнеп Баянова, Марал Танірбергенова, Лаура Алмағанбетова және Нилуфар Раимова енді.