Нұрқожа Қайпанов Мажарстандағы турнирде жүлдегер атанды

Жекпе-жек шолушысы
15.07.2026, 23:49

28 жастағы еркін күрес шебері 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қытайлыққа жол берді.

NUR.kz

Нұрқожа Қайпанов шешуші кездесуде қытайлық Фэн Луға қарсы шықты. Тартысты белдесу 3:3 есебімен аяқталды. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіс аспанасты елінің өкіліне берілді.

Қайпанов Будапешттегі турнирді 1/8 финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде отандасы Дархан Есенғалимен кездесіп, 4:4 есебінен кейін қосымша көрсеткіш бойынша жеңіске жетті.

Ширек финалда америкалық Уильям Леван-кішіге еш мүмкіндік қалдырмай, 4:0 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда түркиялық Мұхаммед Бесирді 7:4 есебімен жеңіп, алтын жүлде үшін күресуге жолдама алған еді. 

Бұған дейін балуандарымыз Будапешттегі турнирде бір алтын және төрт қола медаль еншілеген. 

Реклама
Реклама