Қазақстан ерлер арасындағы алғашқы финалда Өзбекстаннан жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Бас редактор
16.07.2026, 12:11

Қазақстандық боксшы Әділ Асқанбай Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында есе жіберді.

sportarena.kz

Индонезия астанасы Джакартада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектері басталды. Қазақстан құрамасының өкілі Әділ Асқанбай 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында 50 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін рингке шықты.

Шешуші жекпе-жекте Әділ Асқанбай Өзбекстан боксшысы Уткизбек Нозкосимовпен жұдырықтасты. Оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Өзбекстан өкілінің жеңісін тіркеді. Есеп — 5:0.

Осылайша Әділ Асқанбай финалда жеңіліп, жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстаннан 13 боксшы финалға шықты

Ерлер құрамасынан барлығы 13 қазақстандық боксшы финалға жолдама алды.

Олардың алтауы — 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында, ал жетеуі — 23 жасқа дейінгі боксшылар санатында алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Турнир 16 шілдеде аяқталады

Жастар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада өтіп жатыр. Құрлықтық дода 16 шілде күні аяқталады.

Реклама
Реклама