Жасұлан Әкімжан ACA 205 турнирінде саусағын сындырып, жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
17.07.2026, 19:12

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Алматыда ACA 205 турнирінде ресейлік Ахмед Гакиевке есе жіберді.

instagram.com/Akimzhan.Zhasulan/

Үшінші раундта жарақат алды

Жекпе-жектің шешуші кезеңінде Жасұлан Әкімжан саусағын сындырып алды. Жарақат салдарынан оң қолын толық пайдалана алмай, кездесудің соңына дейін бір қолмен жұдырықтасуға мәжбүр болды.

Соған қарамастан Әкімжан айқасты тоқтатпай, финалдық сиренаға дейін шыдады. Дегенмен төрешілер шешімі бойынша Ахмед Гакиев жеңімпаз атанды.

Бұл нәтиже Ахмед Гакиевтің кәсіби мансабындағы 11-жеңісі болды. Ресейліктің еншісінде енді 11 жеңіс пен 4 жеңіліс бар.

Ал Жасұлан Әкімжан кәсіби мансабында бесінші рет жеңіліс тапты. Қазақстандық файтердің көрсеткіші – 12 жеңіс және 5 жеңіліс.

ACA 205 турнирінің басты жекпе-жегі

Алматыдағы ACA 205 кешінің басты кездесуінде ресейлік Муслим Магомедов пен Эльмар Гасанов октагонға шығады.

Қос файтер ACA лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Магомедов бұған дейін 16 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетсе, Гасановтың есебінде 12 жеңіс пен бір жеңіліс бар.

Реклама
Реклама