Жарнама
Жарнама

Допинг дауы: Айболат Ыстыбай ертеңнен бастап татамиге орала алады

Қазақстандық дзюдошының допингке байланысты үш жылдық дисквалификация мерзімі 4 қыркүйекте аяқталады.

Допинг дауы: Айболат Ыстыбай ертеңнен бастап татамиге орала алады
sportarena.kz

Қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбайдың допингке байланысты үш жылдық дисквалификация мерзімі 4 қыркүйекте аяқталады. Осылайша, 5 қыркүйектен бастап спортшы ресми түрде татамиге оралып, бірқатар республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Дисквалификация не үшін берілді?

Айболат Ыстыбай 2023 жылдың 18 тамызында Загребте өткен әлемдік Гран-при кезеңінде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алған еді.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Кипр өкілі Георгиос Баларжишвилиден басым түсті.

Жарыстан кейін қазақстандық дзюдошы белгіленген тәртіп бойынша допинг-бақылаудан өтті. Алайда шамамен екі аптадан кейін Халықаралық тестілеу агенттігі спортшының сынамасынан тыйым салынған дростанолон заты анықталғанын хабарлады.

Осы жағдайдан кейін Ыстыбай үш жылға спорттан шеттетіліп, Загребтегі нәтижесі де жойылды.

Ұлттық құрамаға қашан оралуы мүмкін?

2027 жылға арналған Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңі бірнеше күн бұрын аяқталғандықтан, Ыстыбайдың ұлттық құрамаға бірден қосылу мүмкіндігі шектеулі.

Келесі іріктеу чемпионаты келесі жылдың күзінде немесе қыс мезгілінде өтуі мүмкін. Оған дейін спортшы өңірлік немесе жеке қаржылай қолдаудың көмегімен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми күнтізбесіне кірмейтін жарыстарда бақ сынай алады.

Айболат Ыстыбайдың жетістігі

Айболат Ыстыбай қазақстандық дзюдода жасөспірім кезінен көзге түскен спортшылардың бірі.

2015 жылы ол 50 келіге дейінгі салмақта кадеттер арасында әлем чемпионы атанды.

Жарнама
Жарнама