Жарнама
Жарнама

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінің қола жүлдесіне таласта жеңілді

Аида Тойшыбекова Лозаннада Grand Slam турнирінің жұбаныш белдесуінде есе жіберіп, қола медальге таласу мүмкіндігінен айырылды.

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінің қола жүлдесіне таласта жеңілді
instagram/@toishibekova_aida

Тойшыбекова екі қарсыласын жеңді

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Аида Тойшыбекова жарыстың алғашқы екі айналымынан сәтті өтті. Әуелі анголалық Фернанда Куимбираны жеңсе, одан кейін өзбекстандық Умида Нигматовадан басым түсті.

Үшінші белдесуде Франция құрамасының өкілі Романа Дикомен кездесті. Бұл тартыста францияляқ дзюдошы жеңіске жетіп, қазақстандықты жұбаныш кезеңіне жіберді.

Аида қола жүлде үшін күресті жалғастыру мақсатында венесуэлалық Карен Леонмен белдесті. Дегенмен бұл кездесуде қарсыласына жол беріп, Лозаннадағы Grand Slam турнирін медальсіз аяқтады.

Қазақстан соңғы күні жүлде алмады

Осылайша жарыстың қорытынды күнінде Қазақстан құрамасының бірде-бір дзюдошысы жүлделі орынға көтеріле алмады.

Айта кетейік, Аида Тойшыбекова бұған дейін самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Жарнама
Жарнама