Медғат Жақыпбек Open FC чемпионы атанды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санкт-Петербургтегі Open FC 68 турнирінде жеңіске жетіп, орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуді иеленді.
Төрешілер шешімімен жеңіске жетті
Орта салмақтағы уақытша чемпион атағы сарапқа салынған кездесуде Медғат Жақыпбек (4-2) ресейлік Владислав Фокинмен (7-2) октагонға шықты.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек толық уақытқа созылды. Тартысты бәсекенің қорытындысында төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандық файтер жеңімпаз деп танылды.
Қазақстандық файтердің рекорды жаңарды
Осылайша Медғат Жақыпбек кәсіби мансабындағы бесінші жеңісіне жетіп, Open FC лигасының орта салмақтағы жаңа уақытша чемпионы атанды. Енді оның рекорды – 5 жеңіс және 2 жеңіліс.
Ал Владислав Фокин үшін бұл кәсіби мансабындағы үшінші жеңіліс болды. Ресейліктің көрсеткіші 7-3-ке өзгерді.
Айта кетейік, Жақыпбек бұл чемпиондық жекпе-жекке өте қысқа мерзім ішінде келісім берген. Соған қарамастан қарсыласының отанында жеңіске жетіп, белбеуді Қазақстанға алып қайтты.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.