Асу Алмабаев титулдық белдесуде жеңіске жетті
Асу Алмабаев Түркияда өткен ACBJJ 22 турнирінде титулдық белдесуде жеңіске жетті.
Қазақстандық файтер Ыстамбұлда өткен бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг бойынша ACBJJ 22 турнирінде өнер көрсетті.
Титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Асу Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Халим Назрулоевпен кездесті. Бұған дейін қарсыласы 13 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.
All-Stars Title Match мәртебесіндегі кездесу No-Gi ережесі бойынша, яғни кимоносыз күрес форматында өтті. Белдесу қорытындысында төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшының жеңісін тіркеді. Осылайша, Асу Алмабаев жаңа спорттық бағыттағы жарыста чемпиондық титулға ие болды.
Алмабаевтың соңғы жекпе-жектері
Асу Алмабаев бұған дейін RAF 12 еркін күрес турнирінде де өнер көрсеткен. Қазақстандық файтер америкалық Джонни ДиДжулиуспен белдесуде бір жарым минуттан кейін қарсыласқа есе жіберді.
Ал Алмабаевтың ММА-дағы соңғы ресми жекпе-жегі маусым айында өтті. Ол америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта сабмишн әдісімен жеңді. Асу Алмабаевтың кәсіби ММА рекорды 24 жеңіс және 3 жеңіліс.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.