UFC Асу Алмабаевтың чемпиондық жекпе-жекке шығу мүмкіндігін бағалады
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Джошуа Ванға қарсы титулдық жекпе-жекке үміткерлер тізімінде үшінші орынға жайғасты.
UFC-дің Instagram желісіндегі ресми парақшасы Джошуа Ванмен жекпе-жек өткізуге басты үміткерлердің тізімін жариялады. Алмабаевтың титулдық айқасқа шығу мүмкіндігі 7 пайыз деп бағаланған.
Тізімнің көшін португалиялық Манель Капе бастады. Оның чемпионмен жекпе-жек өткізу ықтималдығы 83% деп көрсетілген. Екінші орында америкалық Брэндон Ройвал (11%).
Айта кетейік, Джошуа Ван 20 қыркүйекте UFC 331 турнирінде Алешандре Пантожамен реванш өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол UFC-дегі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.
Ал Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды жеңді. Жаңартылған UFC рейтингінде қазақстандық файтер жеңіл салмақта бесінші орында тұр.