ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

Қазақстандық файтер чемпиондық белбеуге көз тікті

Қазақстандық файтер Медғат Жақыпбек Open FC лигасында уақытша чемпион атанғаннан кейінгі жоспарын айтты.

Қазақстандық файтер чемпиондық белбеуге көз тікті
sportplustv.kz

Спортшы бұл туралы Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Чемпион атағына таласпақ

Медғат Жақыпбек сұхбатта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген.

"Мен — Open FC-нің уақытша чемпионымын. Лигада толыққанды чемпион бар — қырғызстандық Руслан Таштанкулов. Оның лигадан кеткенін және белбеуді босатуы керек екенін естідім. Мені автоматты түрде негізгі чемпион мәртебесіне көтере ме, жоқ па, әзірге білмеймін. Мүмкін, абсолютті чемпиондық белбеу үшін басқа файтермен жекпе-жек өткізуім керек шығар. Open FC-тің ресми шешімін күтеміз. Қандай жағдай болса да, дайынмын", — деді Жақыпбек.

30 тамызда Санкт-Петербургте өткен Open FC 86 турнирінде Медғат Жақыпбек ресейлік Владислав Фокинмен жекпе-жек өткізді. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қазақстандық файтер төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетіп, орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуді иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.