Өзбекстан әуесқой бокс рейтингінде Қазақстаннан алға шықты
BoxRec порталы салмақ дәрежесіне қарамастан жасалған әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік P4P рейтингін жариялады.
Абдумалик Халоков рейтинг көшін бастады
Жаңартылған тізімде жеңіл салмақта өнер көрсететін Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков бірінші орынға көтерілді.
Екінші сатыға ресейлік ауыр салмақ өкілі Муслим Гаджимагомедов жайғасса, оның отандасы Всеволод Шумков үздік үштікті түйіндеді.
Рейтингтің алғашқы бестігіне украиналық Олимпиада чемпионы Александр Хижняк та кірді. Өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев бесінші орынға орналасты.
Абылайхан Жүсіпов – үздік 15-те
Қазақстан атынан алғашқы 15 боксшының қатарына тек Абылайхан Жүсіпов енді. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз әлемдік P4P рейтингінде 12-орынды иеленді.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 24-сатыда тұр.
Өзбекстанның төрт боксшысы үздік ондыққа енді
Абдумалик Халоков пен Фазлиддин Эркинбоевтен бөлек, Өзбекстанның тағы екі боксшысы рейтингтің алғашқы ондығына кірді:
- Турабек Хабибуллаев – 8-орын;
- Асадхуджа Муйдинхуджаев – 10-орын.
Жалпы алғанда BoxRec рейтингінің үздік 15 боксшысы арасында Өзбекстанның бес өкілі бар. Бұл көрсеткіш бойынша көрші ел Қазақстан құрамасынан айтарлықтай алға шықты.