Әбиба Әбужақынова бастаған 15 дзюдошы әлем чемпионатында бақ сынайды

Жарнама
Жарнама

Дүбірлі додада Қазақстан намысын бас-аяғы 15 дзюдошы қорғайды. 

Әбиба Әбужақынова бастаған 15 дзюдошы әлем чемпионатында бақ сынайды
NUR.KZ

Қазақстан дзюдо федерациясы Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама тізімін жариялады.

Дүбірлі додада Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды.

Ерлер құрамасы

60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин

81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар

90 келіге дейін: Данил Крылов

Әйелдер құрамасы

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

78 келіге дейін: Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш

Қазақстан жекелей және командалық сайысқа қатысады

Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында жекелей сынмен қатар аралас командалық жарыста да өнер көрсетеді.

Әлем біріншілігі 4-11 қазан аралығында Бакуде өтеді.

Жарнама
Жарнама