Қазақстандық балуандар Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық балуандар жарыстың екі күнінде бір алтын, екі күміс және бес қола медаль иеленді.

Қазақстандық балуандар Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстанның еркін күрес құрамасы Армения астанасы Ереванда өткен халықаралық турнирді сегіз жүлдемен аяқтады.

Қазақстандық балуандар жарыстың екі күнінде бір алтын, екі күміс және бес қола медаль иеленді.

Асхаб Хаджиев әлем чемпионын жеңді

Қазақстан құрамасының басты нәтижесін 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асхаб Хаджиев көрсетті.

Финалда ол 2025 жылғы әлем чемпионы, АҚШ өкілі Захид Валенсиямен кездесті. Тартысты белдесу 12:11 есебімен Хаджиевтің пайдасына аяқталды.

Осы салмақта тағы бір қазақстандық Рүстем Мырзағалиев қола жүлдеге ие болды.

65 және 74 келіде үш медаль

65 келіге дейінгі салмақта Қазақстан бірден екі жүлде алды. Осимжан Дастанбек күміс медаль жеңіп алса, Әділ Оспанов үшінші орынға тұрақтады.

74 келіде Дархан Есенғали үздік үштікті түйіндеп, Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль салды.

61 келіде Мейрамбек Қартбай финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Ал Ернұр Нұрғазы 70 келіде, Диас Сағдатов 79 келіде қола медаль жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама