Жарнама
Жарнама

Азиада-2026: Күрестен Қазақстанның жұлдызды құрамы жарияланды

Құрама сапына Ризабек Айтмұқан, Нұрқожа Қайпанов, Демеу Жадыраев және Жәмила Бақбергенова секілді әлемдік деңгейдегі балуандар енді.

Азиада-2026: Күрестен Қазақстанның жұлдызды құрамы жарияланды
sportnews.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы

  • 60 келі: Ернұр Фидахметов;
  • 67 келі: Мейіржан Шермаханбет;
  • 77 келі: Демеу Жадыраев;
  • 87 келі: Шәміл Ожаев;
  • 97 келі: Ислам Евлоев;
  • 130 келі: Олжас Сырлыбай.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы

  • 57 келі: Нұрданат Айтанов;
  • 65 келі: Начын Куулар;
  • 74 келі: Нұрқожа Қайпанов;
  • 86 келі: Азамат Дәулетбеков;
  • 97 келі: Ризабек Айтмұқан;
  • 125 келі: Едіге Қасымбек.

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы

  • 50 келі: Зейнеп Баянова;
  • 53 келі: Шұғыла Өмірбек;
  • 57 келі: Нилуфар Раимова;
  • 62 келі: Ирина Кузнецова;
  • 68 келі: Жәмила Бақбергенова;
  • 76 келі: Эльмира Сыздықова.

Күрес жарыстары қашан өтеді?

2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти–Нагоя аймағында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында ұйымдастырылады. Ал күрес бәсекелері 30 қыркүйек пен 3 қазан күндеріне жоспарланған.

Азиаданың күрес турнирінде үш дисциплина бойынша жалпы саны 258 балуан сынға түседі. Әйелдер күресіндегі белдесулер жарыстың әр күнінде өтеді.

Жарнама
Жарнама