Данияр Елеусінов өзбекстандық нокаутшының ұсынысына жауап берді

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Шохжахон Эргашев Nomad Fighting-ке берген сұхбатында өзіне Данияр Елеусіновпен жекпе-жек өткізу ұсынылғанын мәлімдеген болатын. 

Данияр Елеусінов өзбекстандық нокаутшының ұсынысына жауап берді
bizmedia.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов өзбекстандық нокаутшы Шохжахон Эргашевтің жекпе-жек өткізуге дайын екені туралы мәлімдемесіне жауап берді.

"Басында ол менімен жекпе-жекке шықпайтынын айтқан. Енді менің шыға алмайтынымды біліп, айқайлап жүр... Өйткені менің Zuffa-мен келісімшартым бар", – деп жазды қазақстандық боксшы.

Бұған дейін Шохжахон Эргашев Nomad Fighting-ке берген сұхбатында өзіне Данияр Елеусіновпен жекпе-жек өткізу ұсынылғанын мәлімдеген болатын. 

Өзбекстандық боксшы бұл ұсынысты қабылдағанын айтып, қазақстандық спортшымен рингте кездесуге дайын екенін жеткізді. 

Елеусінов соңғы рет 2025 жылы жұдырықтасты

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 19 шілдеде Вашингтонда өткізді. Қазақстандық боксшы филиппиндік Джеймс Бэконды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ал Шохжахон Эргашев биыл 25 шілдеде Ташкентте ресейлік Марк Урвановпен кездесіп, қарсыласын нокаутпен жеңді.

Жалпы, Елеусіновтің кәсіби рингтегі рекорды – 13 жеңіс, 0 жеңіліс, 8 нокаут. Ал Эргашевтің еншісінде 26 жеңіс пен 2 жеңіліс бар. Оның 23 жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған.

Жарнама
Жарнама