Жарнама
Жарнама

"Өзім кінәлімін": Данияр Елеусінов жол апатынан кейін мәлімдеме жасады

Астана соты 2026 жылы 9 шілдеде Данияр Елеусіновті жүргізуші куәлігінен жеті жылға айыру туралы шешім шығарған болатын. 

"Өзім кінәлімін": Данияр Елеусінов жол апатынан кейін мәлімдеме жасады
press.kz

Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Астанадағы жол-көлік оқиғасы мен жүргізуші куәлігінен айырылуына қатысты пікір білдірді.

Қазір АҚШ-та жүрген спортшы Instagram желісінде жазылған пікірлердің біріне жауап беріп, болған жағдай үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

"Өзім кінәлімін... Қазақстанда тым еркінсіп кеткен едім... Мұнда мен ешкім емеспін", – деп жазды Елеусінов.

Скриншот

Осылайша спортшы сот шешіміне қатысты шағым айтпай, жолдағы әрекеті үшін жауапкершілікті мойындағанын көрсетті.

Жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылды

Астана соты 2026 жылы 9 шілдеде Данияр Елеусіновті жүргізуші куәлігінен жеті жылға айыру туралы шешім шығарған. Сонымен қатар спортшы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов Toyota Land Cruiser көлігін алкогольдік мас күйде басқарған және елорда көшелерінде бірнеше жол-көлік оқиғасына себеп болды. 

Жарнама
Жарнама