Жарнама
Жарнама
"Мен үшін дұға етіңіздер": Қызайбай үндеу жасады
Instagram/@nazym_kyzaibay09

"Мен үшін дұға етіңіздер": Қызайбай үндеу жасады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Жапониядағы Азия ойындарындағы алғашқы айқасы қарсаңында көңіл күйін бөлісті.

Жанкүйерлерден қолдау сұрады

Титулды қазақстандық боксшы Instagram желісіндегі парақшасында рингті сағынғанын айтып, жанкүйерлерінен қолдау сұрады.

"Қалдарыңыз қалай? Құдай қаласа, ертең салмақ өлшеуден өтіп, Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегімді өткіземін. Мен үшін дұға етіңіздер.

Рингті сағынып қалдым. Жаттығуымызды да өткізіп алдық", — деп жазды Назым Қызайбай.

Жанкүйерлерден қолдау сұрады

Алғашқы қарсыласы — қытайлық боксшысы

Назым Қызайбай 2026 жылғы Азия ойындарында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Алғашқы жекпе-жегі 25 қыркүйекке жоспарланған.

Ол турнирдің 1/8 финалында қытайлық Суа Жаомен қолғап түйістіреді. Бұл кездесу Қызайбайдың жүлде жолындағы алғашқы маңызды сынағы болмақ.

Қызайбай 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарына да қатысқан. Ол кезде қазақстандық боксшы 50 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Жарысты жеңіспен бастағанымен ширек финалда қарсыласына жол беріп, медальсыз қалған.

Жарнама
Жарнама